Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккен екі әскери қызметкер жансақтау бөлімінен шығарылды

Алматы қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков 13 наурызда Алматы маңында әскери ұшақтың құлауынан зардап шеккен әскери қызметкерлердің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі науқас реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылды. Олар емдеу мекемесінде ем алуды жалғастыруда.

Дәрігердің сөзінше, науқастар жағдайлары жақсарғандықтан, жансақтау бөлімінен ауыстырылған.

"Екі науқастың да жағдайы тұрақты, олар мамандандырылған бөлімде емделіп жатыр", - деді Алматы қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков. 

Айта кетейік, 13 наурызда Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұшағы құлады. Бортта алты адам болды, олардың төртеуі қайтыс болып, екеуі ауруханаға түсті.

Дана Русланқызы
Жұма, 14 Мамыр, 2021 15:15
Талқылау