Алматы облысында жер сілкінісі болды
Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық станциялар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде.
Қазақстан жер сілкінісі ең көп тіркелетін елдердің қатарына кірді
Министрлік мәліметінше, жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында 2 балл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылында 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салсақ, 2025 жылдың 2 қаңтарында да Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"