Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді: дүмпу Алма-Арасанда сезілді

6 тамыз күні сағат 20:29-да Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Алматыдан 17 шақырым қашықтықтағы жер сілкінісінің  дүмпуі Алма-Арасанда да сезілді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлады. 

Жерасты дүмпуі Алма-Арасан шатқалында да сезілді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр.

Энергетикалық класы 8.8.

Магнитудасы 4.2. MPV

Ошағының бағыты 43.06° с.е. 76.89° ш.б.

Тереңдігі 10 км

Сезілуі Алматы, Алма-Арасан шатқалында 2 балл

Бұдан 1 сағат бұрын ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі сағат 19:23-те Алматыдан 903 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

Талқылау