Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында жанармай көлігі шағын автобусқа соғылды: Зардап шеккендер бар

Алматы облысында жанармай көлігі ішінде 17 жолаушысы бар шағын автобусқа соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

жол апаты

Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда Алматы-Бішкек тас жолында Ұзынағаш ауылына жақын маңда болған. 

Жол апаты салдарынан бір адам қаза болып, төртеуі зардап шеккен. Ал бір бала ауруханаға жеткізілді.

«48 жастағы КамАЗ жүргізушісі шығысқа қарай бағыт алған. Ол жол бойында сағат 14.50-де 55 жастағы ер адам тізгіндеген шағын автобусына соғылады. Жол апаты салдарынан 77 жастағы жолаушы жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Ал кішкентай бала ауруханаға жатқызылды. Қалған төрт адам жарақат зардап шеккен», – дейді жергілікті полиция депратаментінің баспасөз қызметі.

Шағын автобустың жүргізушісі Мадияр Ерназаровтың айтуынша, бір уақытта соққы алған. Сөйтіп қалың ағаштардың арасына кіріп, тесікке үсіп кетіпті. 
«Жанармай көлігінің жүргізушісі 70 метрге дейін барып тоқтады. Біз автобустан шығып жатқанда ғана жанымызға келді. Не болғанын сұрағанымда рөлде ұйықтап кеткенін айтты. Бірақ "ҚазМұнайГаз" компания өкілдері келгенде, оларға басқаша сөйледі. Оған қарап таңқалдым, басқа не деймін», – дейді Ерназаров.

«ҚазМұнайГаздың» хабарлауынша, компанияның логотиптері ауыр жүк машинасының артында желімделгенімен, осы жылдың сәуір айында компания барлық жанармай құю станциялары мен жанармай таситын көліктерін Petro Retail компаниясына сатып жіберген екен. Соңғысында ребрендинг жасауға уақыт болмағандықтан, олар тауарлық белгіні жыл соңына дейін пайдалануға рұқсат алған екен.

Талқылау