Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында құлаған ұшақта әуесерік болған қызметкердің жағдайы айтылды

Ұшақ апатында әуесерік болған қызметкердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы экипаж мүшесі болған әуесеріктің құрбысы Әсел Қалықова әлеуметтік желіге жариялады. Сөзінше, Маржан есімді ұшақ апатына түскен ұшақ қызметкерінің жағдайы тұрақты көрінеді. 

"Біраз уақыт бұрын Маржанның денсаулығын біліп қайттым. Жағдайы тұрақты. Өзінің көңіліні түсірмеуге тырысып жүргені байқалады. Барлықтарына сәлем айтуда, оның жағдайын ойлап отырған адамдарға алығысын білдірді. Сіздердің тілек-дұғаларыңыз ол үшін өте маңызды. Сол үшін рахметін жеткізуде", - деп жазды әуесеріктің құрбысы.

Бұған қоса ол ем қабылдауға біраз уақыт кететіндігін айтты. 

"Алдағы уақытта денсаулығын қалпына келтіру үшін бірнеше ай кетеді. Көп ақша мен күш керек. Анасынан құрбыма көмектесіп, ақша жинап беру үшін Маржанның жеке картасының нөмірін сұрадым. Бұған қоса пилоттардың отбасыларына қандай жәрдем керек екендігін сұрадым. Әрқашанда абай болыңыздар!", - деп жазыпты Әсел Қалықова. 

 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 31 Желтоқсан, 2019 14:58
Талқылау