Алматы маңында дәрі-дәрмек өндіретін заңсыз цех табылды
Алматы маңында танымал дәрілерді өндіретін үлкен цех анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
"Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде қалалық прокуратура экономикалық тергеулер басқармасымен бірлесіп, контрафактілі дәрі өндіретін цехті анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәріге жазылатын қағаздарды шығаратын баспахана, өндірілген заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма және заңсыз шеберхана болған" , - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Ротоцеф", "Солкасерил", "Регидрон Оптим", "Кальций-D3 Никомед", "Цефамед", "Цераксон", сауда маркаларымен сатылуы жоспарланған 100 тоннадан астам дәріні тәркіледі", - делінген ақпаратта.
"Осылайша, ішкі істер органдары күмәнді дәрі-дәрмектерді елдегі көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз сату әрекетінің жолын кесті. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен мобильді топтар қаладағы дәріханалар арқылы белгіленген бағадан асып кету фактісі бойынша 109 құқық бұзушылықты анықтады, 109 адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 25 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп толықтырды прокуратура.
1000 пакет көлеміндегі тәркіленген дәрі-дәрмектер мен 8,5 миллион дана медициналық маскалар қаланың денсаулық сақтау мекемелеріне өткізілді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
