Алматы маңында автобус жүргізушісін ұрып кеткен күдіктілер ұсталды
Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрған ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
20 желтоқсанда Іле ауданы Жетіген ауылында бірнеше жас автобус жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады.
Бұл факт Іле аудандық полиция бөілімінде тіркелген. Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушы арасында қақтығыс болғаны анықталды. Автобус камераларының видеосына қарағанда, ауызша қақтығыс төбелеске ұласқан.
"Осыдан кейін жолаушы ұлына қоңырау шалған, ол досымен бірге автобус жүргізушісіне бірнеше соққы жасады. Күдіктілер ұсталды. Олар Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары, жолаушының 28 жастағы ұлы және оның 21 жастағы досы болып шықты", - делінген полиция хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушісінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша іс жүргізу материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сонымен қатар, ұсталғандар автобус жүргізушісінен кешірім сұрады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
