Алматы маңайында жер сілкінісі орын алды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мамандары 30 шілдеде 2 сағат 58 минутта Алматы маңайында жер сілкінісі орын алғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,8. Тереңдігі 15 км. MSK-64 шкаласы бойынша қабылдау туралы ақпарат жоқ.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді