Алматы көшесінің қақ ортасында жанып жатқан автокөліктің видеосы тарады (видео)

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Алматының Бостандық ауданының Әл-Фараби даңғылында түгелдей өртеніп жатқан автокөліктің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы түнгі уақытта Алматыда көше ортасында жанып жатқан көліктің видеосын жариялады. Бұл көрініс желі қолданушыларының зәресін алды.
“Қайда?”, “Сұмдық”, “Флэшбэктер кетіп жатыр”, “Шок”, – деп жазды желідегілер.
Болған жағдайға қатысты қаланың төтенше жағдай департаменті пікір білдірді.

Фото: Тhreads.net/@saken_kagarov
“Кеше болған жағдай. Бостандық ауданының Әл-Фараби даңғылының бойында жеңіл көлік өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан жетіп, жанып жатқан көліктегі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Автокөліктің өртенуіне не себеп болғаны белгісіз. Алайда қазір себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Қостанайда көлікте отырған ер адамның өзіне өрт қойғаны туралы жазған едік.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан