Алматы коронавирус жұқтыру бойынша "сары" аймаққа кірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны бойынша Алматы "сары" аймаққа кіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алексей Цой президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі кеңесте санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
"Бүгінгі таңда инфекцияның таралу қаупі жоғары "қызыл" аймақта - екі өңір бар: Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Орташа қауіпті "сары" аймақта Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-сұлтан және Алматы қалалары бар. Қалған өңірлер инфекцияның таралу қаупі төмен салыстырмалы түрде қолайлы "жасыл" аймақта", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, сырқаттанушылық өскен жағдайда халыққа сапалы және уақтылы көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар 71 мыңға дейін төсек-орын ашуға дайын. Қазіргі уақытта инфекциялық төсектердің 21 пайызы және реанимациялық төсектердің 17 пайызы жұмыс істейді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы қатаң карантин енгізу туралы сөз қозғады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
