Алматы колледжінің түлегі диплом алғанын атап өтпекші болып, Қапшағайда көз жұмды
Алматы колледжінің 19 жастағы түлегі Қапшағай су қоймасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық ТЖД хабарлауынша, оқиға 24 маусымда Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы демалыс аймақтарының бірінде болған.
"Жігіт Алматы колледжінің түлектерімен бірге жағалаудан ұзап, екі орындық катамаранда судың ортасына жүзіп барған. Жігіттер суға түсуге арналмаған жерге қарамастан катамараннан секіре бастады. Нәтижесінде олардың бірі суға батып кетті", - деді Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Сүңгуірлер жігіттің денесін алты метр тереңдікте тапты.
Қапшағайға жігіттер колледжді бітіргенін атап өту үшін келген. Колледждің атауы хабарланбайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”