Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы "Қайрат" – "Реал" матчынан 4,8 миллиард теңгеге дейін табыс табады

Фото: centralstadium.kzФото: centralstadium.kz

Алматы "Қайрат" – "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасы ойыны есебінен 4,8 миллиард теңгеге дейін пайда табуы мүмкін. Матч 30 қыркүйекте өтеді, оған мыңдаған шетелдік жанкүйерлер келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы туризм басқармасының дерегінше, Алматыға 4-5 мыңға жуық шетелдік қонақ күтілуде. Mastercard төлем жүйесінің мәліметіне сай, туристер қалада орта есеппен 3,5 күн аялдап, тәулігіне шамамен 441 доллар (241 963 теңге) жұмсайды. 

Бұл көрсеткіш мынадай табыс әкелмек:
•    бір күнде 1,76 – 2,2 миллион доллар (шамамен 952,2 миллион – 1,2 миллиард теңге);
•    төрт күнде 7 – 8,8 млн доллар (шамамен 3,8 – 4,76 миллиард теңге).

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында Алматыда тағы үш еуропалық клубпен матч өтеді. Олар "Брюгге", "Олимпиакос" және "Пафос".

Әрбір ойында кемінде 1 мың шетелдік жанкүйер келеді деп болжанып отыр. Туристердің шығындары тек стадионмен шектелмей, қонақүй мен пәтер жалдау, көлік, тамақтану, ойын-сауық және қызмет көрсету салаларына да жұмсалмақ.


"Реал Мадрид" клубының негізгі құрамы Алматыға келді


Аты-жөнінде қазақша әріптері бар жанкүйерлер "Қайрат" пен "Реал" матчына билет ала алмаған


Еске салайық, бұған дейін Алматыға шабуылшылар Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Родриго келгенін жаздық. Матч 30 қыркүйекте сағат 21:45-те басталады. Алайда капитан әрі негізгі қорғаушы Дани Карвахаль жарақатына байланысты тізімде жоқ. Бұған дейін "Қайрат" бапкері Кирилл Уразбахтин қарсы ойынға арналған жоспарын бөліскен еді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 11:02
Талқылау