Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласының ТЖД бастығы пара алғаны үшін 5 жылға сотталды

Алматы қаласы ТЖД басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алмат Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол кәсіпкерге "қамқорлық" танытып, жалпы сомасы 13 миллион теңге көлемінде сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Алмат Жаныспаев бес жылға бас бостандығынан, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Талқылау