Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласының тұрғындары екі жыл бойы жұмыс істемейтін бақылау камерасына ақша төлеп келген

Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінің тұрғындары жұмыс істемеген бейнебақылау қызметі үшін екі жылға жуық уақыт ақша төлеп келген. Бұл ретте қызмет көрсететін компанияға жүгінгеннен кейін де ештеңе өзгермеген. Жұмыс істемейтін қызмет үшін төлем жазылған шоттар әлі де келіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды

Екі жыл бұрын адамдар бақылау камерасын орнатқан компанияға бейне ақпарат жинағышы жоқ деген өтінішпен жүгінген. Жарықдиодты камералар тек жұмыс істеп тұрғандай көрінеді.

"Камера бар, сымдар бар. Кіреберіске кірейік. Ішінде жабдық жоқ, жазатын ештеңе жоқ. Екі жыл осы күйде. Сымдар тістелген, ішінде түк жоқ", - деді Алматы қаласының тұрғыны Андрей Лозунский.

2019 жылдың қысында кіреберісте төбелес болған. Учаскелік полиция қызметкері қызмет көрсететін компаниядан камералардан видео сұраған. Бірақ компания кадрларды бере алмады, өйткені жабдық орнатпаған. Дегенмен тұрғындардан ақша жинауды жалғастырып жатыр. Күзде оқиға тағы қайталанған. Кіре берістен велосипед ұрланған.

"Бәрінен бұрын зейнеткерлерге обал, олар төлем қағазына қарамайды, төлей береді. Адамдар ауаға төлеп жатыр деп есептеуге болады", -  деді Алматы қаласының тұрғыны Айя Ішкібаева.

Осы көп қабатты үйге домофондар мен бейнебақылау орнатқан "Цифрал Сервис" компаниясы тұрғындарға жауаптарды пошта арқылы күні кеше кезекті үндеуден кейін жібергенін айтты. 

Компаниядағылар тұрғындардың 90 пайызының қолын жинап,  камераларын орнатқанын мәлімдеді. Енді, егер қала тұрғындары қызметтен бас тартса, онда компания бір жылдық ақшаны қайтаруға дайын. 

Тұрғындар болса, қызмет көрсетілмеген кезеңдегі төлемді қайта есептеуді қалайды, бірақ оны дәлелдеу қиын болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр