Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыда Қытайда болған жер сілкінісінің афтершоктары тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

жер сілкінісі

Фото ашық желіден

Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, Алматы қаласында күші 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.

“ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан. Қытай аумағында афтершок байқалды. Сезілгені туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл”, – делінген 22 ақпан түнде тараған ақпаратта.



Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат болмағаны айтылды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0. MPV Магнитудасы – 4.6.

Бұған дейін мамандар Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді екенін айтқан.

Талқылау