AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті Нариман Табынбаев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері лауазымына тағайындалған. Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі растады. 

Нариман Табынбаев Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарды.

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған. 1988-1994 жылдары эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухана бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.

1994-1997 жылдары Алматы облысының орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

1997-2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары елордадағы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2015-2018 жылдары астанадағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

2018-2020 жылдары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы "Орталық қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр