Алматы қаласы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді
Алматы облысының әкімдері қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпбалалы аналармен кездесіп, көптеген сауалдарды талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі аудан әкімдеріне ай сайынғы кездесулер ұйымдастыруды тапсырған еді.
Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге барлығы 99 көпбалалы отбасы келді, әкімдерге 126 сұрақ қойылды. Оның ішінде 52 сауалға түсініктеме берілді, 37 сұрақ кездесуден кейін пысықталды, тағы 37-сі жұмыс үстінде.
Негізгі сұрақтар:
- тұрғын үй алу (кезекке қою) – 30 (24%);
- білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) – 29 (23%);
- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық – түлік жиынтықтары) – 25 (20%);
- ТҮКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14 (11%);
- жұмысқа орналастыру – 15 (12%);
- басқалары – 13 (9,5%).
Қала әкімі 2022 жылдың тамыз айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ