Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық үшін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапкершілікке тартылды және ол қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесі қала әкімі Ерболат Досаевқа тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Лаура Мырзағалиды қызметінен босатуды ұсынған болатын.

2022 жылдың сәуір айының басында Лаура Мырзағали қызметінен босатылды.

Бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарының жоғары дауыспен қызметкерлерден ақша бопсалаған сәті бейнеленген видеоны жариялаған болатын.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 22 Маусым, 2022 21:07
Талқылау