AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынған

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қадағалау органының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж алу заңына талдау жүргізді.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Олардың қатарына:

  • ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар;
  • мүгедектер;
  • қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
  • балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар жатады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қадағалау органы ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.

"Алмалы ауданының прокуратурасы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді. Оның қорытындысы бойынша ақшаны қайтару шаралары қабылдануда, КЕАҚ басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы прокуратурасы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр