Алматы халықаралық әуежайы апаттың хронологиясын жариялады
Алматы халықаралық әуежайы 27 желтоқсан күні Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшпақшы болып, артынша жақын маңдағы үйге соғылған ұшақ апатының хронологиясын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жазбаны әуежайдың баспсөз-қызметі ресми Facebook-тағы парақшасында мәлім етті.
"Төтенше жағдай орын алған кезде уақытты құры жоғалтпай, дұрыс шешімдер қабылдау шарт. Алматы халықаралық әуежайының қызметінің де әлемнің басқа да әуежайлары секілді арнайы құрылған бірқатар нұсқаулықтар мен алгоритмдер жүйесі бар. Сол күні не болғанын нақты түсіндіру үшін сіздерге әуежай қызметкерлерінің әрекетін көрсететін уақыт хронологиясын жариялап отырмыз", - делінген әуежайдың баспасөз-хабарламасында.
Аталған жазбаға сәйкес, таңғы сағат 5:35-те тіркеу басталған. Тіркеу бір сағаттқа созылып, сағат 7:03-те отырғызу уақытының біткені хабарланыпты. Ал сағат 7:21-де әуе борты ұшып, бір минуттан кейін байланыс үзіліп кетіпті.
Сағат 7:24-те ұшақтардың ұшуын қадағалайтын жетекші дабыл қағып, ТЖ қызметкерлеріне хабар беріпті.
Сағат 7:36-да апат болған аймаққа алғашқы өрт сөндіруші қызметкерлері жетіпті. Олар келе салысымен жолаушыларды құлаған ұшақтың ішінен шығара бастапты. Алты минуттан соң әуежайдың төтенше-құтқару тобының барлық құрамы келіпті. Сағат 8:10-да өздігімен жүре алатын жолаушылардың барлығы сыртқа шығарылған.
"Апат орын алғаннан кейінгі алғашқы минуттарыңда әуежайдың 83 құтқарушысы мен 22 техника бірлігі келіп жетті", - деп қосты баспасөз-қызметі.
Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
