Алматы есірткі партиясының көлемі бойынша әлемдік тарихқа енді
Алматыда героиннің үлкен партиясы анықталды. Ол есірткі контрабандасымен күрестің әлем тарихында көлемі жағынан екінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 1,1 тоннадан астам героинді жойған.
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері операцияны ҚМК Жетісу көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асырды.
Героин есірткі сатушылардан 2019 жылы тәркіленгені белгілі болды. Сол жылы қазан айында Қазақстан аумағына "өңделген мәрмәр" деген атаумен жүк әкелінді. 2208 есірткі брикеттерін Нидерландыға тасымалдауға тырысты. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған.
Германия, Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерландтың құқық қорғау органдары халықаралық арнайы операцияға қатысты.
Аталған есірткінің бір бөлігі, қаржы мониторинг қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізілді, онда тауарды алу кезінде, Түркия елінің азаматтары ұсталды.
"Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі "айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты аса ірі мөлшерде жасалған заттардың контрабандасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
