Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы – біздің ортақ үйіміз": Бояу алып, қоршауыңды боя

"Алматы — біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі "Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя" іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған.

Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.

Бояу материалын алу үшін төмендегі мекен-жай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады: 

- Алатау ауданы – Веселов көш, 18 "А" – Талғат +7 (708) 502 03 68
- Алмалы ауданы –Төле би көш, 67 – Нұрдаулет +7 (775) 888 77 55
- Әуезов ауданы – Мамыр - 1 ықш, 26/1 – Бауыржан +7 (707) 008 09 13
- Бостандық ауданы – Тәжібаев көш, 155 "А" – Лидия +7 (777) 684 99 44
- Жетысу ауданы – Тихов көш, 87 "А" – Нұрберген +7 (747) 772 74 78
- Медеу ауданы – Пушкин көш, 72 – Абылай +7 (778) 111 55 44
- Наурызбай ауданы – Байсұлтанов көш., 1/2 – Оңалбек +7 (707) 300 03 55
- Түрксіб ауданы – Шолохов көш, 9 – Болат +7 (747) 139 93 60

Талқылау