"Алматы – біздің ортақ үйіміз": Алматыда үй қоршауларын бояуға бағытталған акция басталды
"Алматы — біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі "Өз қоршауыңды/орындығыңды боя" іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған.
Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.
Бояу материалын алу үшін төмендегі мекен-жай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады:
Талқылау