Алматы облысында көлік апатынан 7 адам ажал құшты

Фото: Видеодан скрин
Алматы-Бішкек тас жолының 129-ыншы шақырымында шағын минивен жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысының полициясы жол-көлік апатының салдарынан жеті адам қаза тапқанын хабарлады. Honda Odyssey жүргізушісі алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
“Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адам, соның ішінде жүргізуші, ауыр жарақат алып, қаза тапты”, – деп мәлімдеді ведомство.
Қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі