Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы базарында шашын қидырған "Қайраттың" экс-ойыншысы Аршавин көпшілікті таңғалдырды

Алматы базарында шашын қидырған Видеодан скрин

"Қайраттың" экс-ойыншысы, ресейлік футболшы Андрей Аршавин Алматыдағы "Көк базарда" шашын қидырып, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол шашын қидырып жатқан видеоны желідегі парақшасында бөліскен. 

"Алматыдағы қарапайым шаштараз. Ешқандай ерекшелік жоқ. Бірақ Андрей Аршавин шашын қидырып жатыр. Қай жерде? Алматыда базарда", - делінген видеода. 

Артынша Аршавиннің өзі де сөзге араласып, Алматы базарында шаш қидырғанын айтты.

"Қайда? Алматыда. Бұл шашпен мектепке де баруға болады. Бүгін эфирге жаңа шаш үлгіммен барамын, ойлашы",- деді Аршавиннің өзі. 

Еске салсақ, "Қайраттың" экс-ойыншысы, ресейлік футболшы Андрей Аршавин Алматыға келген еді. 

Айта кетейік, ресейлік футболшы Андрей Аршавин 2016-2018 жылдары алматылық “Қайраттың” құрамында ойнаған. 2018 жылы “Қайрат” сапында футболдағы мәнсабын аяқтады.
 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 19:00
Талқылау