Соңғы жаңалықтар

Алматы ауруханалары 95 пайызға толы - Бекшин қаладағы коронавирусқа қатысты

Алматы ауруханаларындағы орындар 95 пайызға толды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі аптада қалада коронавирустық инфекцияның тіркелуі екі есеге артқан. Тұрғындар арасында коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдануда. 

"Коронавирус ауруының күрт өсуіне байланысты біз жұқпалы ауруханалардағы орындар тола бастады. Мұндағы төсек толтырылуы 95 пайызға дейін өсті. Қазір де ауруханаға жатқызу жүргізілуде, өйткені босатылған адамдар орнына жаңа науқастар түсуде", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, Бекшин коронавирустың даму динамикасының, бағытының өзгергені туралы айтып берді.

"Егер наурызда ауру сырттан алып келінген болса, сәуірде - диагностика басқа да адамдарға жасалды. Халықтың осал топтарымен жұмыс жасағандықтан біз вирусты белсенді түрде анықтадық. Маусым айында азаматтардың қарым-қатынасқа түсуіне байланысты жұқтырғанардың саны күрт артты", - деп толықтырды бас дәрігер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр