Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылатыны белгілі болды

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы маусым айынан бастап рейстерді қабылдай бастамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Әуежай басшылығының мәліметінше, жаңа терминалға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, барлық халықаралық рейстер бірте-бірте қолданыстағы терминалдан жаңасына ауыстырылмақ. Рейстердің толық ауысымы маусым айының бірінші онкүндігінде аяқталады деп жоспарланған. 

Жаңа терминал халықаралық рейстерге толығымен дайын болғаннан кейін, қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерді қабылдайды. Сонымен қатар әуежай басшылығы халықаралық стандарттарға толық сәйкес болуы үшін қолданыстағы терминалды да жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс халықаралық рейстер толығымен жаңа терминалға көшкеннен кейін бірден басталмақ.

Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалын ашу 1 маусымға жоспарланған. 31 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа терминалды аралап көрді.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Алматыға келгені туралы жазған едік. 

Талқылау