Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында кейбір рейстер кейінге қалды

Алматы әуежайы

 Фото: Алматы әуежайы

Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір рейстер кейінге қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

17 қаңтарда ұшу керек болған рейстер кешкі уақытқа қалды.

"Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр және кідірістерді азайту үшін шаралар қабылдануда. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі басты басымдығымыз болып қала береді", – делінген хабарламада.


Атырау әуежайында 166 жолаушысы бар ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті


Алматы-Қызылорда бағытындағы ұшақ техникалық ескертуге байланысты әуежайға кері қайтты


Әуежай жолаушылардан кестедегі ықтимал өзгерістерді қарастырып, жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.

Жолаушыларға әуекомпанияларынан алдын ала жаңартылған ақпаратты сұрап, alaport.com сайтын қадағалау ұсынылады.

Еске салсақ, бұған дейін жолаушылар Атырау әуежайында рейстердің кешіктіріліп жатқанына шағымданған еді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 17 Қаңтар, 2026 19:44