Алматы әуежайында әуе компания қызметкері 7 миллион теңгенің телефондарын ұрлаған

Алматы әуежайында телефон ұрлағаны үшін әуе компаниясының жүк бөлімінің қызметкері сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жүк бөлімінде жұмыс істеген 27 жастағы ер адам 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жалпы құны 7,6 миллион теңгені құрайтын 33 смартфонды ұрлап үлгерген.
“Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толығымен өтелді. Түрксіб аудандық сотының қаулысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қызметкердің бұған дейін де сотты болғаны анықталды.
Еске салсақ, бұған дейін Air Astana рейсімен ұшқан жолаушы шабаданындағы iPhone 16 телефоны жоғалып кеткенін айтып, шағымданған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды