Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты: Соңы жанжалмен аяқталды

Алматының Наурызбай аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Azattyq

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды. 

Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды.

Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаевқа пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, азаматтық белсенді Әйгерім Тілеужанова ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының бірінші бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" бойынша сотталды.

Азаматтық белсенді Калас Нұрпейісов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру", 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену", 269-бабы, 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотталды.

Нұрлан Далибаев ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотқа тартылды.

Ермұхамет Шилибаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", 269-бабының 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айып тағылды.

Жанайдар Карменов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айыпталды.

Сот отырыстарында сотталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамады. Олар сондай-ақ бір-бірімен алғаш рет сотта кездескенін мәлімдеді.

Үкім шыққаннан кейін сотталғандарды қолдау тобы оларды босатуды талап етіп, жанжал шығарды.

Талқылау