Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайы рейстердің не себепті кешігіп жатқанын түсіндірді

Алматы әуежайы рейстердің не себепті кешігіп жатқанын түсіндірді Фото: Wikimedia commons

Алматы халықаралық әуежайы рейстердің кешігуіне байланысты түсініктеме беріп, сондай-ақ әлеуметтік желідегі “әуе әскери әрекеттерге байланысты жабылды” деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні Алматы әуежайынан ұшатын рейстер кешігіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар бір ұшақтың әуежайда “әскери әрекеттерге байланысты” кері бағыт алғаны айтылды.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеді және әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Алматы қаласының әуе кеңістігі жабылған жоқ. Әскери жағдай немесе әрекеттер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қалған барлық мәселелер бойынша тиісті өкілетті органдарға хабарласуларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Рейстер өндірістік және операциялық себептерге байланысты кешіккен және ол штаттық сипатта болды.

Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігуі мүмкін деп ескерткен еді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 15:32