AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы ардагерлері Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдауға шақырды

Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төралқасы 230 мың ардагердің атынан қазақстандықтар мен қала тұрғындарын алдағы референдумға қатысуға, елдегі демократиялық құбылыстардың дамуы мен Жаңа Қазақстан үшін құқықтық негіз болатын Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдауға шақырды. 

Суретті түсірген Қайрат Қонысбай

Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі кеңейтілген төралқасының қатысушылары "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша референдумды қолдау жөніндегі Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы" мәселені талқылады. Қалалық және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Ата Заңның кейбір баптарына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдау туралы шешімді бірауыздан қабылдады. 

Мемлекет басшысы "Референдумның басты мақсаты – Жаңа Қазақстанды құру" екенін атап өтті. Ол елдің әрбір азаматына еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. 

–  Халықтың алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу саяси дамудың келесі кезеңдеріне өтуді білдіреді. Ел тағдырын таңдайтын реформаға депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысуға тиіс. Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам Заңды қабылдау ескерілді. Яғни елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды. Халық оны толықтай түсініп, дауыс беруге тиіс. Себебі, бұның бәрі азаматтардың игілігі үшін жасалады. Қазірдің өзінде қалалық және аудандық кеңес мүшелері арнайы штаб құрып, белсенді азаматтар халықтың алдына шығып, реформаның бағыттарын түсіндіріп, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бірақ біз кейбір конституцияналдық мәселелерді айтуымыз керек,– деді Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр