Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді

2020 жылғы дүниежүзілік өмір сүру деңгейін зерттеу аясында The Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымының әзірлеген рейтингінде Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізімінде бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең қымбат мегаполистердің рейтингін анықтау үшін зерттеушілер әлемнің 130 қаласында 138 тауар мен қызметің, оның ішінде азық-түліктің, сусындардың, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлардың бағаларын қарастырды.

Зерттеу нәтижесінде ең қымбат қалалар ондығына Гонконг, Париж, Цюрих, Сингапур, Осака, Тель-Авив, Женева, Нью-Йорк, Копенгаген, Лос-Анджелес кірді.

Ең арзан қалалардың тізімінде соғыстан әбден күйреген Сирияның астанасы Дамаск көш бастады. Одан кейін көрші Өзбекстан астанасы Ташкент орналасты. Алматы Замбиядағы Лусака қаласы мен Венесуэла астанасы Каракастан кейін бесінші орынды иеленді. 

EIU коронавирус пандемиясының бүкіл әлемде қаражат жұмсау әдеттеріне әсер еткенін, ал қажетті тауарлардың бағасы тұрақты екенін атап өтті. Олардың мәліметінше, тек киім алатындар саны азайған. Тұтынушы электроникасы, керісінше, өсімді көрсетті, бұл адамдар үйден жұмыс істей бастағанда сұраныстың артуымен байланысты.

"COVID-19 пандемиясы АҚШ долларының әлсіреуіне себеп болды, ал Батыс Еуропа мен Солтүстік Азия валюталары тауарлар мен қызметтердің бағасын өзгерту арқылы күшейе түсті. Біз жоғарыда атаған көптеген тенденциялар 2021 жылы да жалғасады деп күтеміз", - деді The Economist Intelligence Unit талдау бөлімінің бастығы Упасана Датт.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр