Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға Төтенше жағдай мен карантин арасында қандай айырмашылық бар екенін түсіндірді

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев ТЖ кезіндегі карантин мен 5 шілдеден бастап енгізілген жаңа карантин шектеулері арасындағы айырмашылықты түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер төтенше жағдай режимін күшейтілген карантинмен салыстырсақ, ол кезде біз қалада қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарды ғана жұмыс істеткіздік. Бұл негізінен азық-түлік дүкендері, дәріханалар, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау және көлік саласы болды. Қалғандары жабылды. Бізде қалада жұмыспен қамтылғандардың саны миллионға жуық адамды құрайтын болса, ол кезде 200 мыңға жуық адам жұмысқа шықты. Яғни, бес есе азайды", - деді брифингте Тұяқбаев.



Әкім орынбасары жаңа карантин анағұрлым жеңіл екенін айтты.

"Қазіргі таңда енгізілген шектеу шаралары аясында, біздің бағалауымызша, жұмыспен қамтылғандардың үштен екісі жұмысқа шығатын болады. Сауда, өндіріс, құрылыс қызметтерінен бастап барлық базалық индустриялар жұмысы сақталды. Мұнда бір жағынан барынша экономиканы, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтау, екінші жағынан - коронавирустың жаппай таралуын тоқтату міндеті алға қойылды. Соңғы айда ауру қарқыны белсенді, сондықтан жағдайды тұрақтандыру үшін бізге осындай шаралар қолдануға тура келді", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, 5 шілдеден бастап Қазақстанда ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, поминкалар), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Қазақстандықтарға әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып,  ойын-сауық объектілерін есепке алмағанда, саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына 3 адамнан аспайтындай немесе бір отбасы мүшелерінің жүруіне, сондай-ақ ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат етіледі.

Талқылау