AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімінің орынбасары қызметіне Әсем Нүсіпова тағайындалды

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

press.kz

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың үкімімен ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды", – делінген хабарламада.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – экономика саласы. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті лауазымынан бастады, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы болып тағайындалса, 2002 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде президент әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі, ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру-сараптама тобының (қоса атқарушы бойынша) кеңесші қызметінде болды.

Сондай-ақ 2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Премьер-Министр кеңесшілері тобының жетекшісі болды.

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі, 2007 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында болды, кейін 2016 жылға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2016-2019 жылдар аралығында Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымында, соңғы атқарған қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр