Алматы әкімі жер сілкінісін хабарлайтын 475 миллиондық жаңа жүйе енгізіліп жатқанын айтты
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда жер сілкінісін хабарлаудың жаңа жүйесі енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы әкімі үкімет отырысында мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы мобильді құрылғылар арқылы халықты төтенше жағдайларды жаппай хабардар ету жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жұмыс қолға алғанын түсіндірді.
"Алматы қаласының әкімдігі цифрлық министрлік, төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, тығыз жұмыс істеп жатыр. 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін "Масалерц" қағидаты бойынша жедел хабардар ету жүйесін енгізу жоспарлануда, оған 475 млн теңге бөлінді", – деді Ерболат Досаев.
Әкім дәстүрлі технологияларға қарағанда Cell Broadcast SMS технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамайтынын және базалық станция антенналарының қамту аймағында орналасқан барлық абонент үшін жедел хабар таратуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне қатысты жағдайды тексеру басталғанын мәлімдеген еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
