Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі самокаттарды жалға беру талаптарын қатаңдату керегін айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Ішкі істер министрлігіне электрсамокаттарды пайдалану ережелерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Аталмыш ұсыныстар самокаттарды жалға берумен айналысатын компаниялардың жұмысына әсер етеді. Қала әкімі электрсамокаттарды пайдалануға қатысты өзгертулер туралы айтты.

“Компаниялардың жұмысын реттеу керек. Самокаттарды кез келген жерге қалдырып кетуге болмайды. Оны өз тұрағына апарып қою керек. Сол кезде мұндай хаос болмайды. Самокат белгіленген жылдамдықтан асса, GPS арқылы оны автоматты түрде өшіре алады. Заңнамаға өзгерістер енгізілсе нарық жақсарып, қаладағы самокат қозғалысы ретке келеді деп ойлаймын”, – дейді Ерболат Досаев.



Жол-көлік оқиғаларының статистикасына сәйкес, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда самокаттардың салдарынан жеті адам қаза тауып, 500 адам жарақат алған.

Бұған дейін Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланған еді.

Талқылау