Алматы әкімдігі: Қалада медициналық бетперделер жеткілікті
Алматы әкімдігінің мәлімтеінше, қаладағы дәріханаларында медициналық бетперде жетіспеушілігі жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті медициналық маскалар тапшылығының алдын алу мақсатында қала дәріханаларына ұдайы бақылау жүргізіп отыр. Қазіргі таңда қалада маска саны жетерлік. Медициналық мекемелерге 2 млн астамы, қорда – 1,3 миллион бетперде бар екен.
«Dolce» компаниясы күніне 4 мың маска шығарып жатыр, Алматы қаласы бойынша маскалар қоры күн сайын толықтырылуда. Қазіргі таңда бір аптаға жететін тапсырыс орындалды. Апта бойы дәріханаларды маска қорымен толықтыру көзделіп отыр», - деді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір қосымша маскалар жеткізу бойынша басқа елдердің өндірушілерімен, атап айтқанда Иран және Қырғызстанмен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«Иә, біздегі маскалар жетерлік. Қарапайым маскалардың бағасы 20 теңге, сондай-ақ бұрышты маскалар да бар, олардың бағасы да 20 теңге. Қазір барлық маскалардың бағасы 20 теңге», - деп хабарлады дәріханалардың қызметкері.
«Жайық-AS» ЖШС дәріханасында қорда 4 мың үшқабатты маска, 5 мың бұрышты және 100 мың респираторлық маска барын айтты. Қолға тек 20 данасы беріледі. Соңғы күндері жергілікті «Biola» және «Тұран» компанияларынан 20 мың маска сатып алынды. Дәріхана қызметкерінің айтуынша, осы күнге дейін айына 4 мың маска ғана сатып алынып жүрген. Қаладағы бірқатар дәріханада маска қоры жетерлік екенін айтты.
Еске салайық, қала билігі бағаны келісіп алу және әдейі елді дүрліктіретін жағдай туындатқандарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту бойынша барлық шаралар қолдануда. Алматы қаласының дәріханаларында медициналық маска бағасының жоғары болуы немесе олардың болмауы анықталған жағдайда тұрғындарға келесі нөмірлер бойынша хабарласу керек: +7 (727) 382-3536, 382-3350.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
