Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бекшин кетсін": Алматы әкімдігінің алдында халық наразылыққа шықты (видео)

Алматы әкімдігінің алдында 12 қараша күні қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің өкілдері наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наразылық білдірушілер қоғамдық тамақтандыру кестесіндегі уақыт шектеулерінің күшін жою, мониторингтік топтардың тамақтандыру нысандарын бақылау тексерулерін жүргізбеуді талап етті. 

Оған қоса, наразылықшылар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қызметтен кетуін сұраған. 

Наразы топ мекемелердің жұмыс уақытын таңдау мүмкіндігін, салық пен коммуналдық жүктемені азайтуды және қоғамдық тамақтандыру өкілдерімен бірге жұмыс тобын құруды жөн санайтындарын жеткізді.

"Бекшин кетсін", "Рестораторлар қылмыскер емес", "Жұмыс уақытын шектемеңіз", - деп жазды наразылыққа шыққандар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр