Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігін қалпына келтіру үшін қанша қаражат жұмсалады

Алматы әкімдігінің өкілдері қаңтарда өртеніп кеткен қалалық әкімшілік ғимаратты қалпына келтіру үшін қанша қаражат керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әкімдік

Сурет: КТК арнасынан

Алматы құрылыс басқармасының брифингі барысында қаңтарда өртенген ғимаратты қалпына келтіру туралы сауал қойылды. 

"Қалпына келтіру жұмыстарын екі кезеңге бөлдік. Үш павильон бойынша бірінші кезектегі жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Құрылыстың жалпы құны 13 миллиард теңге шамасында. Ең үлкен төртінші павильонды қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр, жобаны қыркүйектің соңында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бағдарлы құны, шамамен, 4 миллиард теңге. Осылайша ғимаратты қалпына келтіруге 17 миллиард теңгеге дейін жұмсалуы мүмкін", – деді Алматы қаласыл құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев. 

Оның сөзінше, ғимараттың қасбетін бұрынғы қалпында сақтап қалмақшы. Ғимараттың сырты түпнұсқаға ұқсас материалдармен қапталады. 

Талқылау