Алматы әкімдігі тағы да 8 наурызда феминистік шеру өткізуге рұқсат бермеді

Фото: Stan.kz
8 наурыздағы феминистік шеру ұйымдастыру комитеті Алматы әкімшілігі шеру өткізуге тағы рұқсат бермегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылдың 7 және 8 наурызында шеру мен митингілер өткізу туралы төрт хабарламаның бәрі қанағаттандырылмады.
"Төрт шешімнің барлығында бірдей негіздеме көрсетілген. "Көрсетілген тақырып бойынша бейбіт жиындар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі" деп жазып беріпті. Шешімдерде нақты заңды немесе фактілік негіздемелер көрсетілмеген", – делінген мәлімдемеде.
Ұйымдастырушылар әкімдіктің шешіміне шағымданды. Олар заңмен көзделген құқығын пайдалануға ниетті.
Алматыдағы феминистік әрекеттер жылда бас тартылады. Мысалы, 2024 жылы әкімдік қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді деп, 8 наурыз шеруін өткізуге рұқсат беруден үш рет бас тартты. Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев бұған дейін мұндай іс-шараларға көзқарас 2021 жылдан бері өзгергенін және оларға қатысты шешімдер қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң түрде қабылданатынын мәлімдеген.
Қиындықтарға қарамастан, ұйымдастырушылар дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ұйымдастыру комитеті 8 наурыз әйелдер құқықтарын талқылаудың заңды тәсілі екенін атап өтті.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады