Алматыдағы коронавирус ошағының саны 15-ке жетті
Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 29-ға жеткен, оның ішінде екі бала бар. Науқастар оқшауланған жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Жағдайлары - қанағаттанарлық, екеуінің орташа ауыр жағдайда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы қаласының провизорлық госпитальдарында 672 адам, карантинде - 598, үй карантинінде - 1549 адам бар. Карантиндегі барлық температура норманың шегінде, катаралды құбылыстар жоқ. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің деректері бойынша, коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында барлық ошақтарда эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақтың аймағында орналасқан барлық тұрғындар денсаулығына мониторинг жүргізеді.
Бүгінгі күні Алматы аумағында 15 коронавирустық инфекция ошағы бар:
Алатау ауданында - 2 ошағы тіркелген. "Заря Востока", Сары-ой көшесі, 234; ш.а. "Ақкент", 7.
Алмалы ауданында - Желтоқсан көшесі, 125; Байтұрсынов көшесі, 78/1; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ.
Медеу ауданында - Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75 мекен-жайлары бойынша 3 ошақ.
Жетісу ауданында - Еңлікгүл, 34а, Волочаевская, 51 көшелері бойынша 2 ошақ.
Түрксіб ауданында 4 ошақ тіркелген. "Алтай-1", 8; ш.а. "Жас Қанат", 86; Майлин к-сі, 77; Спасск, 63.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
