AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі "Алматы қала жарықты" жекешелендіру ісі бойынша сотқа арыз берді

Алматы қаласының прокуратурасы "Алматы қала жарық" кәсіпорнын жекешелендіру заңдылығын зерттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық прокуратураның таратқан мәліметіне сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылдың қазан айындағы қаулысымен "Алматы қала жарық" ШЖҚ МКК-ні жекешелендіру жөнінде шешім қабылданған болатын.

Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы 2021 жылдың қараша айындағы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 14 млрд 835 млн теңге бастапқы баға ұсынысымен ("БизнесПартнерКонсалт" ЖШС бағалау ұйымы) алғашқы сауда-саттықты өткізетіні туралы жариялаған.

Қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты сауда-саттық екі рет өтпеді деп танылды.

2021 жылдың желтоқсан айындағы үшінші сауда-саттық нәтижелері бойынша 4 млрд 660 млн 20 мың теңге мөлшеріндегі баға ұсынысымен (жалғыз өтінім) "ABM Group.com" ЖШС жеңімпаз болып жарияланды. Кейіннен жеңімпазбен сатып алу-сату шарты жасалды.

"Тауар нарығы бәсекелестігінің жай-күйін талдау барысында Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР заңының нормаларын, Жекешелендіру объектілерін сату ережелерін және Алматы қаласы әкімдігінің әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексін бұзу фактілерін анықтады. Осыған байланысты, қалалық прокуратураның заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы мен жоғарыда аталған департаменттің хабарламасы негізінде әкімдік "Алматы Қала Жарық" ШЖҚ МКК сату бойынша сатып алу-сату шартын бұзу және жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді", – делінеді прокуратураның хабарламасында.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі "Алматы қала жарық" кәсіпорнын қала меншігіне қайтару шараларын жүзеге асырып жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр