Алматы әкімі ҚазҰУ жерлерін жеке меншікке өткізу жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жерлерін меншікке беру туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Университет жері жеке меншікке берілмейді. Егер университет жер бергісі келсе, онда ол әкімдікке бұл аумақ қажет емес деген ұсыныспен жүгінуі керек. Қазір университеттің жаңа ректоры тағайындалды. Біз онымен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Оның айтуынша, университетті дамыту керек. Ал жерді беру мүмкін емес, себебі бұл дұрыс емес. Қазіргі уақытта жерді беру жайында ешқандай әңгіме жоқ, - деді Алматы әкімі қала тұрғындарымен өткен есептік кездесуде.
Осы жылдың қаңтарында ҚазҰУ-ға тиесілі Алматыдағы жер учаскесі жеке тұлғаға берілді деген ақпарат тараған еді. Университет өкілдері ақпаратты жоққа шығарды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан