Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техника мен электронды тауарлардың бағасы көтерілуде

Қытайлық коронавирус базардағы бағаға да әсер ете бастады. Алматының танымал барахолкасындағы қытай тауарлары қазірдің өзінде 20 пайызға қымбаттап кетіпті. Әсіресе электроника, тұрмыстық техника мен көрші елден келетін азық-түлік түрлерінің бағасы күрт көтерілген. Саудагерлердің сөздерінше, екі ел арасындағы шекара ашылмаса, тауар тапшылығы сезілуі де мүмкін екен. Алайда еліміздің Сауда министрі мұны қытайлық індетке еш қатысы жоқ, осы жағдайды алыпсатарлардың қарбаласты пайдаланғысы келіп жасаған әрекеті деп түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

базар

Алматының барахолкасында адам үнемі қаптап жүреді: сатылатын тауар да, оны алушы да көп. Заттардың басым бөлігі Қытайда өндірілетіндігі бәріне де аян. Арзан техника іздеген жұрт бірден осы басарға бет бұратын. Алайда соңғы айдың ішінде тауарлардың бағасы қымбаттап кетіпті. Өйткені сатушылар да екі ел арасындағы шекара жабылғанын пайдаланып қалғылары келеді екен. 

"Тұрмыстық техника тапшылығы сезіле бастады. Әсіресе шаңсорғыш, нан пісіретін пештер таусылды. Шекара жабық. Сондықтан Қытайдан тауар әкеле алмай отырмыз. Оның үстіне баға да 20 пайызға қымбаттап кетті. Суықта тоңып тұрғанымызбен сауда жоқ", - саудагер Малик Бисвас.

Тұрмыстық техника, электроникадан бөлек Қытайдан келетін көкөніс пен жеміс-жидектер де қымбаттаған. Көрші елдегі  коронавирус мәселесі шешілмесе, базардағы баға тіпті шарықтап кетуі мүмкін. Көптеген сатушылар жаңа жылдың алдында қоймаларын толтырып үлгерген. Дегенмен  ол тауарлар таусылатын болса, көптеген сауда нүктелері жабылып та қалуы мүмкін.

"Бәрі қымбат. Күнде қымбаттайды. Бүгін келеміз аламыз, Ертең келсе, тағы қымбат. Неге? Бұрын доллар өсті дейтін. Қазір доллар өсіп жатқан. Жоқ. Бәрібір қымбат", - деді қала тұрғыны.

Базардағы бағаның қымбаттағанын Сауда және интеграция министрі растады. Бірақ Бақыт Сұлтанов бұл қарбаласты пайдаланып қалғысы келетін кәсіпкерлердің қитұрқы әрекеті деп отыр. Айтуынша, екі ел арасындағы шекара тек жолаушылар үшін жабылған. Тауар тиеген көліктер емін-еркін шекарадан өтіп жүр екен. Сондықтан министр бағаны аспандатып жібергендерді анықтап, «жауапқа тартамыз» дейді. 

"Коронавирус адамдардың ары-бері жүруіне ғана қатысты. Сондықтан тауарды көтеруге себеп жоқ. Осындай себептермен сатушылар бағаларын көтеріп отырса, ол ақпаратты бізге беру қажет", - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ шенеунік базардағы баға саясатын реттеуге жедел желі іске қосылғанын да мәлімдеді. Бұған қарапайым тұрғындар да  қатыса алады. Егер сіз азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлардың әдеттегіден қымбатқа сатылып жатқанын байқасаңыз, бірден қоңырау шалып, шағым айта алады екенсіз. Ондай ақшаға құныққан кәсіпкерлерді бірден монополияға қарсы және салық қызметкерлері тексеріп, шара қолданады. Алайда ненің қымбат, ненің арзан екенін бағамдауға күн сайын базар аралау қажеттігі тағы бар. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Басынан атқан": 21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  

Қазақстан заңымен 15 жыл бұрын болған қылмыс қудалауға жатпайды

Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету ұсынылды

Ресей үкіметі Украина, Белоруссия, Молдавия және Қазақстан тұрғындары үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдетуді ұсынды

Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірім табылды

Полиция: "Баланың жағдайы жақсы, ешқандай зиян шекпеген"

Асқазанынан 1 келіден асатын шаш алып шықты: Таразда 13 жасар қызға ерекше ота жасалды

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай мөлшердегі қалдық кемі бес-алты жылда жиналуы мүмкін

Ломбардтың алданған клиенттері сейфтерді ашуға тырысқан: Қазақстанның бірнеше қалаларында жанжал шықты

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

"Өздерінің 12 адамның өлімін менің мойныма артып қою негізгі себебі сол": Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

"Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын": Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр