Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 станциясынан заңсыз майнинг фермасы табылды

Алматыда көлік полицейлері заңсыз майнинг компаниясын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол тұйығы аумағынан майнинг операцияларына жабдықталған арналған ғимаратты тапқан. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Анал Бекиев айтты.

Оның сөзінше, көлік полицейлері криптовалюталарды өндіруге арналған майнингке арналған аппаратураның 130 жәшігін, сондай-ақ аппаратураның қатты дискілері мен қосалқы бөлшектерін тауып, тәркіледі.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деді полиция генерал-майоры.

 

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 20 Наурыз, 2022 16:48
Талқылау