Алмасхан Ахмеджанов қамауға алынғанға дейін 1,5 ай бұрын Алматының бас сәулетшісі қызметінен кеткен
Қамауға алынған Алмасхан Ахмеджанов мамыр айының соңында Алматының бас сәулетшісі қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: almaty.tv
Алматы әкімдігі Алмасхан Ахмеджанов 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 2023 жылдың 31 мамырына дейін қаланың қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметін атқарғанын хабарлады.
Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдікті Алмасхан Ахмеджанов екенін растады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунік жер телімдерін беру және нысандардың құрылысына рұқсат беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алмасхан Ахмеджановты екі айға қамауға алды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн