Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Өтешов тағы да допинг дауына ілінді

Қазақстандық ауыратлет Алмас Өтешовтің 2012 жылғы Лондон олимпиадасы кезінде тапсырған допинг-сынамасынан тыйым салынған препарат табылды. Бұл туралы ақпарат Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында 27 шілде күні жарияланды.

алмас

Өтешовтің допинг-сынамасынан анаблоиктік стероидтар табылған, атап айтқанда, дегидрохлорметилтестостерон мен станазолол. 2012 жылғы Олимпиада ойындарында ол жетінші орын алған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін WADA мамандары Өтешовтің 2015 жылғы Әлем чемпионаты кезінде тапсырған сынамасынан да тыйым салынған препараттарды анықтаған еді.

Қазақстандық ауыратлеттен өзге Ресей, Молдавия, Түркия, Армения, Грузия және Әзірбайжанның спортшыларының да допинг пайдаланғаны анықталған. Атап айтқанда, 2012 жылы Лондонда Илья Ильиннен жеңіліп, екінші орын алған ресейлік Александр Иванов та “қара тізімде”.

Талқылау