Алманың нағыз апорт екенін қалай тексеру керек?
Апорт – алманың ерекше сұрпы. Алманың нағыз апорт екенін тексеру үшін оны базардан сатып алып келіп, бөлме ішіне біраз уақытқа қойып қойыңыз. Оның иісі бөлме ішін аңқытып жібереді.
Айтқандай, бұл күзде қазақстандықтар апорт алмасын көп таба алмайды. Өйткені, фермерлер бұршақ салдарынан алқаптың көп бөлігін игере алмаған.
Апортты Іле Алатауында XIX ғасырда Воронежден келген Егор Редько есімді азамат өсіре бастады. Ол Сиверстен жабайы алма ағашының көшетін әкелген. Осылайша салмағы 500-1000 грамм болатын жеміс алды.
Жіберіп алмаңыз:
Кеннеди мен Черчилль Алматының апортына қалай құмартты?
Ирактық әйел күйеуін өлтірген террористің басын жұлып отқа қайнатты
Талқылау