AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Димедролды мөлшерден тыс берді": Атырау облысында бір жасар сәби ауруханада көз жұмды

Атырау облысы Қызылқоға ауданының ауруханасында 3 наурыз күні 11 айлық сәби көз жұмған. Миялы ауылының тұрғыны, сәбидің әжесі Баян Шүкірғалиева немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Айтуынша, ақ халаттылар сәбиге диагнозды қате қойып, дұрыс емдемеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

Осы іске байланысты әжесі дәрігерлердің үстінен облыстық прокуратураға шағым түсіріп, президент әкімшілігіне де хат жолдаған. Жақында оның өтініші қаралып жатыр деген жауап келген. Ауруханада көз жұмған сәбидің аты – Ибраһим Берік. 

Баян Шүкірғалиеваның айтуынша, наурыз күні кешке немересі құсып, тәбеті болмай, мазасызданған. Сол күні сағат 23:30 шамасында бала қатты ауырып келіні мен ұлы жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем дәрігері екпе салғанымен ол көмектеспей, бала құса берген.  Қызуы көтеріліп, жағдайы тұрақталмаған соң келесі күні таңғы 5-те отбасы қайтадан жедел жәрдем шақырған. Бұл жолы бала мен оның анасы Қызылқоға аудандық ауруханасына жеткізілген.

“Сол күні баланың жағдайы жақсарған соң келінім үйге шығуға дәрігерлерден рұқсат алды. 11-лер шамасында олар үйде болды. Алайда кешке бала қайтадан жылай бастады. Құсып, іші өтіп, қызуы көтерілді. Сағат 18:30 шамасында жедел-жәрдем шақырып, олар қайтадан баланы ауруханаға алып кетті. Баланың асқазанын тазарту үшін оған тамызғыш қоюды шешті. Медбикелер тамырын таба алмай бала қолын әбден қинады. Ол қайта-қайта жылап, тынышталмады. Осы кезде медбике баланы ұстап алып: "Болды, қой, неге жылайсың?" деп ұрысып тастады. Тамызғышты қоя алмағандықтан дәрігердің нұсқауымен олар оған регидрон бере бастады. Бірақ бала мазасызданып, іші тоқтамады”, – дейді әйел.

Келіні бала жылауын тоқатпаған соң, бәлкім ауруханадан қорқып мазасызданған шығар деп үйге апарып, өзінің үйреншікті бесігіне салайын деп дәрігерлерден сұранған. Дәрігер рұқсатын беріп, 3 наурыз күні олармен бірге ілесіп үйге келген. 

“Дәрігер бала тынышталса, үйде қалдыратынын айтты. Сондай-ақ оның аш екенін айтып, оған жарма мен сүт беруге кеңес берді. Бала бергеннің бәрін жеді. Бірақ жылауын тоқтатпады. Мүлдем ұйықтамады. Содан кейін мен дәрігерден оның диагнозын сұрадым. Ол білмеймін деп жауап берді. Сонда мен баланы ұйықтату үшін димедрол екпесін сала ма деп сұрадым. Дәрігер балаға ондай екпені беруге болмайтынын айтты. Кейін немеремнің жағдайы нашарлаған соң оны ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызды. Қатты уайымдадық, тіпті баланың анасы мен әкесіне ешкім ештеңе түсіндірмеді. Онымен кездесуге де кіргізбеді. Кейін оған димедрол екпесін бергенін естіген келінім “өздері болмайды деп айтып алып, сол екпені салғаны несі” деп ренжіген. Алайда дәрігер бала кішкене тынығып алсын деп жауап берген”, –  деді қайтыс болған нәрестенің әжесі.

Содан дәрігерлер баланың тыныс ала алмай жатқанына алаңдап, оған оттегі беретін катетер іздей бастаған, алайда таба алмаған. Кейін дәрігерлер димедрол әсерінен баланың ұйықтап жатқанын айтып, анасының да тынығуын сұраған. Анасы кетіп бара жатып баланы құшақтаған кезде оның кішкентай қолдарының суи бастағанын сезген. 

“Келінім баланың суық қолдары туралы дәрігерлерге айтқанымен, олар өзара бірдеңелерді талқылай бастады. 30-40 минуттан соң бүлдіршіннің қайтыс болғанын хабарлады. Дәрігерлер балаға димедролдың дозасын артық берген. Олар мұны жасырғысы келеді, қателіктерін мойындамайды. Дәрінің артық мөлшерінен баланың қан қысымы 200-ге, дене қызуы 40-қа дейін көтерілген. Оның үстіне медбикенің шарасыз сәбиге ұрысып, жұлқылағаны тағы бар. Баламыздан айырылған соң келінім екеуміз шара қолдану үшін аурухана меңгерушісі Айгүл Төребекқызына жүгіндік. Емдеуші дәрігер Нұрила Серікқызы қандай диагнозбен емдегеніне жауап бере алмады. Сондықтан немерем Ибраһим қайтыс болды. Бәрі дәрігерлердің салғырттығынан”, – дейді қайғылы оқиға туралы баланың әжесі.

Баян Шүкірғалиева немересін сағынатынын айтады.

“Ол біздің отбасындағы көз қуанышымыз – жалғыз немереміз болатын. Ойындары мен тәтті күлкісін сағындым. Енді біз не істейміз”,  – дейді әжесі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сәбидің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері әлі жарияланған жоқ. 

Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанынан арнайы тексеру комиссиясы құрылды. Ведомство басшысының орынбасары Жанар Сәдуова сараптама қорытындысынсыз ештеңе айта алмайтынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр